Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«1991–2025 жылдардағы Тәуелсіздік хронологиясы» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізілді

«1991–2025 жылдардағы Тәуелсіздік хронологиясы» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізілді

   Түркістан облысы Отырар ауданы «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде 09.12.2025 жылы директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары С.Төлек 9, 10, 11-сынып оқушыларына «1991–2025 жылдардағы Тәуелсіздік хронологиясы» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.

Іс-шара барысында тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері, маңызды тарихи оқиғалар және ел дамуына әсер еткен жылдар рет-ретімен талқыланды. Оқушыларға мәліметтер интерактивті панель арқылы ұсынылып, тарихи деректер түсінікті форматта жеткізілді.

Жастардың отаншылдық рухын көтеруге бағытталған бұл жұмыс оқушылардың тәуелсіздік тарихына деген қызығушылығын арттырды. WhatsApp Image 2025 12 12 at 10.02.11