"Шеңгелді" шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп КММ үшін тағы бір қуанышты жаңалық!
Мектебіміздің білімді де талантты оқушылары Абай оқулары – 2026 байқауына қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізді.
7 «А» сынып оқушысы Сұлтанбай Мирас Бахытжанұлы мен
5 сынып оқушысы Ақжігіт Көркем Нұржігітқызы. Екі оқушымыз да І орын иеленіп, өздерінің білімін, өнерін және Абай мұрасына деген сүйіспеншілігін жоғары деңгейде көрсетті.
Жеңістің жалғасы ретінде 2026 жылғы 28 қарашада Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды!
Бұл — оқушыларымыздың ізденісі мен талантының, ұстаз еңбегінің және ата-ананың қолдауының жемісі.
Жетекшісі, дайындаған ұстазы — Асанова Перизат Арыстанбековна.
Мирас пен Көркемге Астана төріндегі келесі кезеңде сәттілік тілейміз!






