Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Айбынды елдің ұрпақтары» атты патриоттық бағыттағы сыныптан тыс іс-шара өткізілді

«Айбынды елдің ұрпақтары» атты патриоттық бағыттағы сыныптан тыс іс-шара өткізілді

         11.12.2025 жылы Түркістан облысы Отырар ауданы “Шеңгелді” шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде 10–11-сынып оқушылары арасында «Айбынды елдің ұрпақтары» атты патриоттық бағыттағы сыныптан тыс іс-шара өтті.
Іс-шараны АӘТД пәнінің жетекшісі Сызыдық Ратқұл ағай ұйымдастырып, жоғары деңгейде жүргізді. Шараның басты мақсаты – жас буынның отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру, ұлттық рухты нығайту, сондай-ақ әскери-қолданбалы дағдылар бойынша білімдерін жетілдіру болды.

     Бағдарлама барысында оқушылар:

 ҚР Қарулы Күштерінің тарихы мен құрылымы туралы мәлімет алды;
әскери дайындық элементтерімен танысты;
топтық сайыстарға қатысып, шапшаңдық, ептілік және күш-қуат сынақтарынан өтті;
жас сарбаздарға тән тәртіп, ұйымшылдық және жауапкершілік дағдыларын көрсетті.
Шарада оқушылардың жігерін жанып, ел қорғайтын айбынды азамат болуға үндеу, елге қызмет етудің абыройлы міндет екендігі кеңінен айтылды.
    Жалпы іс-шара мазмұнды, тәрбиелік мәні зор, оқушылардың патриоттық көзқарасын қалыптастыруға ықпал еткен игі шара ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Рәт