"Шеңгелді" шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп қабырғасында қазақ халқының көнеден келе жатқан тәрбиелік мәні зор дәстүрлерінің бірі – ашамайға мінгізу салты дәріптелді.
Бұл салт – баланың азамат болып, ер жету жолындағы алғашқы қадамының белгісі. Іс-шара барысында оқушыларға ашамайдың мән-мағынасы кеңінен түсіндіріліп, ұлттық құндылықтарымыз жан-жақты насихатталды.
Ұлттық киім киген бүлдіршіндеріміз аталмыш салтты сахналық көрініс арқылы әсерлі жеткізіп, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.






