«Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Шежіре» бірлестігінің айлық іс-шара жоспарына сәйкес, «Үш тіл – бір әлем: ЖИ дәуіріндегі білім мен болашақ» тақырыбы аясында ашық сабақ өткізілді.
2026 жылғы 10 қыркүйекте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі П. Асанова 5-сынып оқушыларымен «Numbers» тақырыбында қызықты әрі мазмұнды сабақ өтті.
Сабақ барысында оқушылар 1–20 аралығындағы сандарды ағылшын тілінде дұрыс айту, оқу және сөйлем ішінде қолдану дағдыларын жетілдірді. Жұптық және топтық жұмыстар ұйымдастырылып, «Домбыра», «Bowling», «Bingo» әдістері арқылы түрлі тапсырмалар орындалды. Ойын элементтері оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, сабаққа белсенді қатысуына мүмкіндік берді.
Сабақ соңында оқушыларға кері байланыс беріліп, олардың білімі бағаланды. Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы – сабақтың басты жетістігі болды!






