“Шеңгелді” шағын жинақты жалпы білім беретін мектебімізде 23 сәуір Ұлттық кітап күніне орай “Балалар әдебиеті рухани - тәрбие бастауы” тақырыбында онкүндік өткізілді.
Онкүндік аясында 4-сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Әлжан Алмагүлдің ұйымдастыруымен “ Кітап — білім бұлағы” атты сыныптан тыс интеллектуалды ойын жоғарғы дәреже ұйымдастырылды.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар кітаптың адам өміріндегі ең басты құндылық екенін түсінеді.
Бос уақытын тиімді пайдаланып, көркем әдебиет оқуға деген қызығушылықтары оянады.
Кітапханаға бару белсенділігі артады.
Қолданылған көрнекіліктер
* “Кітап — білім бұлағы”тақырыбындағы презентация
* Кітап көрмесі (жаңа кітаптар мен сирек кездесетін басылымдар).
Іс - шара барысында сынып екі топқа бірігіп, кезең - кезеңдерге берілген тапсырмаларды орындап, өздерінің кітап оқудағы белсендіктерін көрсете білді.
Шара соңы қазақ ақыны Мұхтар Шахановты еске алу мақсатында, “Рух пен тіл“ әнін шырқай отырып қорытындыланды.






