Түркістан облысы, Отырар ауданы, "Шеңгелді" шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің педагог- психологы А.Абсатова мен әлеуметтік педагог Б.Нұрлыбеков 11 ақпан 2026 жылы "Баланың интернетке тәуелділігін қалай алдын аламыз?" тақырыбында ата- аналарға ақпараттық- ағарту жұмысын өткізді. "Баланың интернеттегі қауіпсіздігі" туралы жадынама таратты.
Бала интернетті еркін қолданғанымен, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ересектердің міндеті. Балаларға жеке ақпаратты (аты-жөні, мекенжайы, телефон нөмірі) жарияламауды, бейтаныс адамдармен сөйлеспеуді және күмәнді сілтемелерді ашпау керегін түсіндірейік. Ата-ана бақылауы мен ашық әңгіме – баланы интернеттегі қауіптен қорғаудың ең тиімді жолы.






