Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Балдырған» мектеп жанындағы сауықтыру алаңы өз жұмысын бастады

Біртұтас тәрбие

     «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында аудандық білім бөлімінің 2025 жылғы 12 мамырдағы №41-10/588 хатына сәйкес, сондай-ақ «Түркістан облысы бойынша 2024–2026 жылдардағы демалыс кезінде балаларды сауықтырып, бос уақытын тиімді ұйымдастыру шаралар жоспарын» іске асыру мақсатында, мектеп жанынан балалар сауықтыру алаңдары ұйымдастырылды.
Бұл жұмыстар Отырар аудандық білім бөлімінің 2025 жылғы 8 мамырдағы №119 бұйрығына сәйкес жүргізілуде. Биылғы 26 мамыр мен 13 маусым аралығында өтетін мектеп жанындағы сауықтыру алаңшаларында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар толық сақталып, қауіпсіз орта қалыптастырылды.
Бастауыш сынып пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Балдырған» мектеп жанындағы сауықтыру алаңы өз жұмысын бастады. Алаңның ашылу салтанаты мемлекеттік әнұранмен ашылып, оқушылар ән айтып, би билеп, түрлі өнерлерін көрсетті. Іс-шара жоғары көңіл күймен, белсенді әрі қызықты өтті

Лагер