Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
 «БОЛАШАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ» жобасы аясында «Үздік мемлекеттік қызметші» тақырыбында ашық есік күні өткізілді

 «БОЛАШАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ» жобасы аясында «Үздік мемлекеттік қызметші» тақырыбында ашық есік күні өткізілді

    Көксарай ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері «Шеңгелді» шағын жинақты білім беретін мектептің 9- сынып оқушыларымен арнайы кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – оқушыларға мемлекеттік қызметтің маңыздылығын түсіндіру, әр түрлі мамандықтар туралы ақпарат беру және жастарды ел дамуына үлес қосуға шақыру болды.
    Ауыл әкімінің орынбасары Үтегенов Жақсылық Салықбаевич мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлі мен ауылды дамыту жолындағы жұмыстар туралы айтып, жастарға білім алып, болашақта ел игілігі үшін қызмет ету керектігін атап өтті.  Бас маман – іс басқарушы Халилаев Бексұлтан Мусаұлы мемлекеттік мекемедегі ұйымдастыру жұмыстары мен қызмет тәртібі туралы түсіндірді.  Бас маман – әлеуметтік қызметкер Мамажанов Миразалы Жолдасбекұлы әлеуметтік саладағы жұмыстар мен халыққа көрсетілетін қолдау шаралары жайында айтып берді.  Инфрақұрылым жөніндегі бас маман Келесбек Азамат Сәбитұлы ауылдағы жол, жарық және инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар туралы баяндады.     Бас маман – жер инспекторы Шекербеков Ерболат Мейрамбекұлы жер қатынастары саласының маңызы мен оның жауапкершілігі жөнінде түсіндірді. Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан пайдалы кеңестер алды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуына және мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

WhatsApp Image 2026 03 05 at 15.29.23