Отырар аудандық білім бөліміне қарасты «Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» КММ-де Отырар ауданы білім бөлімінің хатына сәйкес нашақорлықтың алдын алу және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Закладчики. Расплата» атты деректі фильм сынып оқушыларына көрсетілді.
Іс-шара барысында фильмде көтерілген есірткіге тәуелділіктің зардаптары, аналардың тағдыры арқылы берілген өмірлік мысалдар оқушыларға терең әсер етті. Деректі фильм жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын алуға, заң алдындағы жауапкершілікті түсінуге және салауатты өмір салтын ұстануға бағытталды.
Көрсетілім соңында оқушылармен пікір алмасу ұйымдастырылып, фильм мазмұны бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қорытындылай келе, деректі фильмді көрсету оқушылардың есірткі заттарының адам өміріне тигізетін ауыр зардаптарын терең түсінуіне, құқықбұзушылықтың алдын алуға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етті. Мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.






