Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Әл-Фараби ізімен: Оқсыздағы тарихи саяхат»

«Әл-Фараби ізімен: Оқсыздағы тарихи саяхат»

  Отырар ауданының киелі топырағында орналасқан Оқсыз төбесі – жай ғана төбе емес, бабалар ізі қалған қастерлі мекен. Бұл қалашық орта ғасырлардағы ірі мәдениет орталығы болып қана қоймай, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің туған жері ретінде тарихқа енген. Деректерге сүйенсек, ұлы ойшыл балалық шағын осы Оқсызда өткізіп, ілімге деген алғашқы қадамын осы жерден бастаған.
 Бүгін біз үшін ерекше күн болды! Тарихтың тірі куәсін көзбен көріп, рухымызды жаңғырттық. Тарих пәнінің мұғалімі Б. Нұрлыбеков пен “Жас археолог” үйірме жетекшісі Р. Салиев оқушылармен саяхат жасап, ақпаратпен бөлісті.

WhatsApp Image 2026 04 07 at 08.48.09