Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
"Ұлттық құндылықтар – асыл мұрамыз" атты танымдық сабақ өткізді

"Ұлттық құндылықтар – асыл мұрамыз" атты танымдық сабақ өткізді

   "Шеңгелді" шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Ұлттық құндылық - ұрпақ тәрбиесінің негізі" тақырыбында сынып жетекшілердің айлық іс-шарасына орай 17.03.2026 күні 3-сынып жетекшісі Г.Каймакованың ұйымдастыруымен "Ұлттық құндылықтар – асыл мұрамыз" атты танымдық сабақ өткізді.
Ұлттық құндылықтар – халқымыздың рухани байлығы, ата-бабадан қалған асыл мұра. Оларға салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық ойындар, тіл мен дін жатады. Бұл құндылықтар ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
Қазақ халқы әрқашан үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болған. Ұлттық ойындар жастарды батылдыққа, ептілікке баулыса, ұлттық киімдер халқымыздың мәдениетін танытады.
Ұлттық құндылықтарды сақтау – әрбір адамның міндеті. Себебі өз дәстүрін құрметтеген елдің болашағы жарқын болады.

WhatsApp Image 2026 03 27 at 10.22.16