«Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп базасында 12 ақпан күні диретордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары А.Абдикулованың ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында «STARTUP» байқауы өткізілді. Байқау мақсаты:
- Мұғалімдердің креативті және кәсіпкерлік ойлауын дамыту;
- Жаңашыл идеяларды қолдау;
- Командалық жұмысқа баулу;
-Мектепішілік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға жол ашу.
Байқауға мектептегі жас мұғалімдерден құралған 4 команда қатысты. ;
- Әр командада 1 жетекші (мұғалім/тәлімгер) болды.
Байқау кезеңдері:
1-кезең – Ақпараттық түсіндіру және идеяны әзірлеу (1 апта):
- Стартап ұғымымен таныстыру
- Жобаның мақсатын айқындау
- Мәселені анықтау және шешу жолын ұсыну.
- Идеяны презентация түрінде дайындау
2-кезең – Жобаларды қабылдау және сараптау (2 күн):
- Мұғалімдер өз стартап идеясын PowerPoint немесе Canva форматында дайындап тапсырады.
- Әр жоба сараптамалық кеңесте қаралады.
3-кезең – Қорғау күні (финал):
- Әр команда өз жобасын 5 минут ішінде таныстырады.
- Қазылар алқасы сұрақ қояды.
- Бағалау критерийлері: өзектілік, жаңашылдық, іске асыру мүмкіндігі, команда жұмысы.
Жобаға қойылатын талаптар:
- Жоба стартап форматына сай болу керек (нақты мәселе, шешу жолы, жаңашылдық);
- Қысқа таныстырылым (5 слайдтан аспауы керек);
- Ұсынылған өнімнің немесе қызметтің макеті, эскизі немесе моделінің болуы құпталады
Стартап — бұл жаңашыл, ерекше идеяға негізделген, әлі даму сатысында тұрған шағын бизнес жобасы. Ол көбіне нақты бір мәселені шешуге бағытталады және болашақта табыс табуды мақсат етеді. Қарапайым тілмен айтқанда: Стартап —қатысушы ұсынған ерекше идея, оқыту мен оқуды жеңілдететін, жаңа өнім немесе қызмет түрі болуы мүмкін.
Стартаптың негізгі белгілері:
1. Жаңашылдық — бұрын болмаған ерекше идея.
2. Мәселені шешу — нақты бір қиындықты немесе сұранысты шешеді.
3. Өсу мүмкіндігі — дамып, кеңеюге мүмкіндік бар.
4. Тәуекел — сәтсіздік мүмкіндігі де бар, бірақ табыс әкелуі де мүмкін.
Байқауға 4 топ қатысты. 1-топ тәлімгері-Қаймақова Г. 2-топ тәлімгері-Аманжол А. 3-топ тәлімгері-Маханбетжанова О. 4-топ тәлімгері –Абдикулов Е.
1-топ жоба тақырыбы: «Ustaz Yub»
2-топ жоба тақырыбы: «Ғажайыптар алаңы»
3-топ жоба тақырыбы: «Болашақтың күнделігі»
4-топ жоба тақырыбы: «Ақылды сағат»
Әр топ өз жобаларының мақсат-міндеттері және күтілетін нәтижелері туралы таныстырылым жасады. Сараптау комиссиясы жобаны бағалау критерийлер бойынша бағалады. Жобаның бірегейлігі, идеяның тың және өзгеше болуы-15 балл. Қоғамдық, әлеуметтік немесе мектепішілік мәселені дәл көрсету-20 балл. Ұсынылған шешімнің жүзеге асу мүмкіндігі мен нәтижелілігі -15 балл. Көрнекілік, слайд сапасы, сөйлеу мәнері сенімділік -20 балл. Жобаның өміршеңдігі, дамуға бейімділігі, практикалық мәні -30балл. Жалпы-100 балл. Қорытындысында І орын- 4-топ. ІІ орын-2-топ. ІІІ орын -3-топ. «Жаңашыл жоба» номинациясымен -1-топ марапатталды. Мектеп директоры Л.Тұрашқызы байқауды қорытындылап, дипломдарды табыстады. Бастауыш кәсіподақ төрайымы А.Әлжан жеңімпаздарға ақшалай сыйлық табыс етті.






