Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Мәңгі өшпес жарық жұлдыз» тақырыбында іс шара өткізілді

«Мәңгі өшпес жарық жұлдыз» тақырыбында іс шара өткізілді

 Түркістан облысы, Отырар ауданы «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп КММ-де мектеп кітапханашысы Ұ. Ахметованың ұйымдастыруымен «Оқитын сынып» жобасы аясында «Мәңгі өшпес жарық жұлдыз» тақырыбында ұлы ғалым, ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай 5-сынып оқушыларымен танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында тарих пәнінің мұғалімдері О. Маханбетжанова, Б. Нұрлыбеков және жаратылыстану пәні мұғалімдері Р. Қарғабаева, Р. Салиев оқушыларға Шоқан Уәлихановтың өмір жолы, ғылыми еңбектері мен қазақ ғылымы мен мәдениетіне қосқан өлшеусіз үлесі туралы мазмұнды мәліметтер айтып өтті. Шараның тәрбиелік мәнін арттыру мақсатында ұлы тұлғаға арналған Абай Құнанбайұлының «Ғылым оқып білгенше, тыным, тыныштық таппаған. Дүниені кезіп көргенше рахат іздеп жатпаған. Құйрықты жұлдыз секілді, туды да көп тұрмады. Көрген, білген өкінді, мін тағар жан болмады» деген өлең жолдары оқылды. Аталған іс-шара оқушылардың тарихи тұлғаларға деген қызығушылығын арттырып, ғылым мен білімге құштарлығын дамытуға зор ықпал етті.

WhatsApp Image 2026 01 13 at 17.07.54