Выберите язык

Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
МЕКТЕПІШІЛІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

МЕКТЕПІШІЛІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

  14 қыркүйек күні «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде 9–11-сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді.
Білім бәйгесінде оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі, математика, биология, география және физика пәндері бойынша берілген тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен зияткерлік қабілеттерін сынады.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ дарынды әрі қабілетті оқушыларды анықтау.
Олимпиада басталар алдында бейіндік оқыту жөніндегі директордың орынбасары Абдикулова Айнагуль қатысушыларды олимпиаданың өткізілу тәртібі мен ережелерімен таныстырып, оқушыларға сәттілік тіледі.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Білім бәйгесінде үздік нәтиже көрсеткен оқушыларымызға алдағы кезеңдерде толағай табыс тілейміз!

WhatsApp Image 2026 09 18 at 16.45.34