«Шеңгелді» шағын жинақты білім беретін мектебінде «Еңбегі адал – жас өрен» апталығы аясында 9 сынып оқушыларымен КББП Бақыт Жәудір «Мен таңдаған мамандық» атты презентация күні өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға мамандық таңдау бойынша бағыт-бағдар беру, олардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру және өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту болды.
Сонымен қатар, презентациялар арасында мұғалім тарапынан мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы бағыт-бағдар беріліп, оқушыларға пайдалы кеңестер айтылды. Сұрақ-жауап бөлімінде оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, пікір алмасты.






