Түркістан облысы, Отырар ауданы «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп КММ-де
мектеп кітапханашысы Ұ. Ахметованың ұйымдастыруымен «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында 6 «А» сынып оқушыларымен танымдық шара өткізілді.
Мақсаты:
Келешек ұрпақтың сана-сезімі мен рухани ойлау қабілетін дамыту, есте сақтау дағдыларын арттыру; оқушыларды әдептілікке, әсемділікке, кітап оқуға қызығушылыққа тәрбиелеу.
Шара барысында оқушылар өз сүйікті кітаптары туралы пікірлерімен бөлісіп, кітап мазмұны мен әсерлі тұстарын талқылады. Кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бұл шара оқушылардың білім көкжиегін кеңейтіп, қызығушылығын арттыра түсті.






