Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Не, қайда, қашан» тақырыбында мамандық таңдау кешін өткізілді

«Не, қайда, қашан» тақырыбында мамандық таңдау кешін өткізілді

     Түркістан облысы, Отырар ауданы «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде КББП мұғалімі Бақыт Жәудір мен мектеп психологі А.Абсатова 9-10-11-сынып оқушыларымен «Не, қайда, қашан» тақырыбында мамандық таңдау кешін өткізді.
Кеш барысында қатысушыларға кәсіби бағдар берудің маңызы, оқушыларға кәсіби қолдау көрсетудің психологиялық аспектілері және қазіргі заман мамандықтарының ерекшеліктері туралы ақпарат ұсынылды.
«Қызығушылық картасы» атты жаттығу орындалды;
Топтық пікірталас ұйымдастырылып, оқушылардың қабілетін анықтауда қолданылатын әдістер талқыланды;
«Оқушыны дұрыс бағыттауға көмектесетін 5 қадам» атты практикалық бөлім өткізілді;
Мамандық таңдау кезінде жіберілетін қателіктер және оларды болдырмау жолдары қарастырылды. Кеш жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар тренингтен пайдалы ақпарат алып, оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар берудің жаңа әдістерін меңгерді. Келген қонақтардың мамандық туралы берген анықтамалары оқушыларға оң ықпал етті.

Маман тандау