Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
Оқсыз – ұрпаққа аманат

Оқсыз – ұрпаққа аманат

    «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінің оқушылары «Оқсыз – ұрпаққа аманат» жобасы аясында тарихи-танымдық саяхатқа қатысып, тағылымды әсермен оралды.
Саяхат барысында оқушылар Отырар ауданы аумағындағы киелі орындардың бірі – Оқсыз төбесіне барып, оның бай тарихымен жақынырақ танысты. Бұл қасиетті мекен – әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің туған жері ретінде ерекше тарихи мәнге ие.
Танымдық сапар оқушылардың туған жер тарихына деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеуде маңызды рөл атқарды.

WhatsApp Image 2026 04 27 at 15.51.50