"Шеңгелді" шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде 13.04.2026 күні «Ғарыш әлемінде» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар ғарыш кеңістігі, ғарышты игеру тарихы, ғарышкерлердің ерлігі мен еңбегі туралы тың мәліметтер алды. Сонымен қатар, ғарышқа алғашқы сапарлар, зымырандар мен планеталар жайында қызықты ақпараттармен танысты.






