Түркістан облысы, Отырар ауданы, "Шеңгелді" шағын жинақты жалпы білім беретін "Шежіре" қоғамдық-гуманитарлық бірлестігі 2026 жылғы 12-қаңтар мен 30-қаңтар аралығында "Жаңа ғасырдағы гуманитарлық білім: дәстүр мен инновация" атты айлығын өткізуде.
Айлықтың ашылу салтанаты 12-қаңтар 2026 жылы өтті.
Мақсаты: Жан-жақты дамыған, өзіндік дағдылары қалыптасқан, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтар мен озық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану.
Айлық барысында өткізілетін іс-шаралар;
1. Танымдық сынып сағаттары.
2. Пән апталықтар.
3. Білім бәйгесі.
4. Кітап көрмелері мен сурет көрмелері.
5. Ата-аналармен бірлескен іс-шаралар.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың білімге деген қызығушылығы артады.
-Мұғалімдердің озық тәжірибесі насихатталады.
-Шығармашылық орта қалыптасады.
Мектеп директоры Ләззат Тұрашқызы айлық барысында оқушылардың белсенді болу керектігін атап айтып, бірлестік мүшелеріне сәттілік тіледі.






