Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
"Жақсылық жасап жарысайық" қайырымдылық челленджін өткізді

"Жақсылық жасап жарысайық" қайырымдылық челленджін өткізді

   

ШЫН ЖҮРЕКТЕН..

"Шеңгелді" шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде 3-сынып жетекшісі Г.Каймакованың ұйымдастыруымен "Қамқор" жобасы аясында "Жақсылық жасап жарысайық" қайырымдылық челленджін өткізді. Шеңгелді ауылының тұрғыны көп балалы отбасы Тоқсанбаев Берік ағамыздың отбасына ДТІЖО Қ.Құдайбергенов және әлеуметтік педагог Б.Нұрлыбеков және оқушылар игі іс жасап қайтты.
Адам өміріндегі ең асыл қасиеттердің бірі – жақсылық жасау. Жақсылық – жүректен шығатын мейірім мен қамқорлықтың көрінісі. Біреуге жылы сөз айту, қиналған жанға көмек қолын созу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – мұның бәрі игі сауапты істерге жатады.
Ендеше, жақсылық жасаудан жарысайық! Бір-бірімізге қамқор болып, айналамызға мейірім шуағын шашайық. Себебі жасалған әрбір жақсылық – өзімізге қайтып келетін үлкен сауап.
Жақсылық – адамды биікке көтеретін, жүректі нұрға бөлейтін асыл қасиет. Сондықтан игі істеріміз көбейіп, қоғамымыз мейірім мен татулыққа толы болсын! 

WhatsApp Image 2026 03 03 at 15.55.28