Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Желтоқсан жаңғырығы: Куәгерлер үндері» атты ашық сұхбат-кездесу өткізілді

«Желтоқсан жаңғырығы: Куәгерлер үндері» атты ашық сұхбат-кездесу өткізілді

  2025 жылы 11 желтоқсан күні мектебімізде «Желтоқсан жаңғырығы: Куәгерлер үндері» атты ашық сұхбат-кездесу өткізілді. Іс-шараға 4–9 сынып оқушылары, ұстаздар және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының куәгері, Шелтоқсаншы Шекербекова Күлімжан апай қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты — Желтоқсан оқиғасының тарихи мәнін түсіндіру, жастардың ұлттық рухын көтеру, куәгерлердің шынайы естеліктері арқылы оқушыларға терең тағылым беру. Кездесу кіріспе бейнероликпен басталып, куәгерлермен еркін форматтағы сұхбат жүргізілді. Олар сол күндері бастан өткерген жағдайларын, халықтың рухын, ең есте қалған сәттерін баяндады. Оқушылар да алдын ала дайындаған сұрақтарын қойып, тікелей жауап алды. Іс-шара оқушылардың тарихи санасын қалыптастыруға, Тәуелсіздік құндылығын бағалауға және елжандылық қасиеттерін дамытуға ықпал етті.

Ұйымдастырушы: Ахметова.Ұ, Бақыт.Ж, Айтурай.Б, Өтебек.Б

WhatsApp Image 2025 12 12 at 09.57.44