Түркістан облысы Отырар ауданы «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде 09.12.2025 жылы директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары С.Төлек 9, 10, 11-сынып оқушыларына «1991–2025 жылдардағы Тәуелсіздік хронологиясы» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Іс-шара барысында тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері, маңызды тарихи оқиғалар және ел дамуына әсер еткен жылдар рет-ретімен талқыланды. Оқушыларға мәліметтер интерактивті панель арқылы ұсынылып, тарихи деректер түсінікті форматта жеткізілді.
Жастардың отаншылдық рухын көтеруге бағытталған бұл жұмыс оқушылардың тәуелсіздік тарихына деген қызығушылығын арттырды. 





