2026 жылғы 10 қыркүйекте «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде тілдер айлығы аясында 10-сынып оқушыларымен қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі Айша Аманжол ұйымдастырған сабақтың тақырыбы – Абай Құнанбайұлының «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі.
Сабақ барысында оқушылардың Абай шығармашылығы туралы таным-түсінігін кеңейтуге және өлеңнің идеялық мазмұнын терең меңгертуге бағытталған түрлі тапсырмалар орындалды. Ұлттық құндылықтар мен заманауи технологияларды ұштастырған, жасанды интеллект көмегімен әзірленген «Сандық ашу» және «Ақсүйек» әдістері оқушылардың қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді қатысуына ықпал етті.
«Талдай білейік!» бөлімінде оқушылар екі топқа бөлініп, ақын өлеңінен берілген үзінділерді талдады. Олар өлеңдегі көркемдегіш құралдарды тауып, әдеби-теориялық терминдермен жұмыс жүргізіп, өз ойларын дәлелді әрі жүйелі жеткізе білді.
Сабақ соңында тапсырмаларды нәтижелі орындап, жеңіске жеткен топ мадақталды. Оқушылар жоғары белсенділік танытып, Абай поэзиясының терең мағынасы мен тәрбиелік мәнін жан-жақты ашуға тырысты.
Сабаққа қатысқан бейіндік істер жөніндегі орынбасар А. Әбдіқұл мұғалімнің ізденісіне жоғары баға беріп, оқушыларға белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ мазмұны бай, ұлттық құндылықтар мен жаңа технологиялар үйлесім тапқан осындай сабақтар білім сапасын арттыруға зор ықпал ететінін атап өтті.






