2025 жылы 10 қазан күні “Шеңгелді” шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп базасында 5-6- сынып оқушыларына арналған “Зерделі” ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткізілетін математика пәнінен “Алтын сақа” олимпиадасының І кезеңі өткізілді. Олимпиадаға 5-6-сыныптан 15 оқушы қатысты. Қорытындысы сарапталып, ІІ кезеңге жоғары ұпай жинаған 5-сыныптан 2 оқушы, 6-сыныптан 2 оқушы өтті. Олимпиада тапсырмаларын орындау оқушылардың логикалық ой өрісін арттырып, математика пәніне деген қызығушылығын арттырды.
Жаңалықтар
