Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Ата-аналар назарына!

  

   ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Жыл мезгілінің қай-қайсысы болмасын, біздің басты назарымыз — балалардың білімі, тәрбиесі және қауіпсіздігі.
Ораза айы кезінде балалардың кешкі және түнгі уақытта үй-үйді аралап, автокөлік қозғалысы көп жерлерде, көше бойлары мен жол қиылыстарында «жарапазан» айтып жүрмеуін қадағалауларыңызды сұраймыз.
Қазіргі таңда Отырар ауданы білім бөлімі, құзырлы органдар және Отырар аудандық полиция бөлімі бірлесіп, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізуде.
Сондықтан балаңыздың өмір қауіпсіздігі үшін кешкі және түнгі уақытта себепсіз көшеде жүрмеуін, үйде болуын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 449-бабы және 442-бабының 2-тармағына сәйкес, сабақтан тыс уақытта баланың жол және өмір қауіпсіздігіне жауапкершілік ата-ананың құзырында екенін ескертеміз.

Құрметпен, "Шеңгелді" шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінің директоры Раманқұл Ләззат Тұрашқызы