“Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 19.09.2025 жыл “Саналы ұрпақ - сенімді ата-ана, мейірімді ұстаз, қауіпсіз орта” тақырыбында 10-сынып жетекшісі Г.Ахметованың ұйымдастыруымен ата-аналар жиналысын жаңа форматта өткізді.
Жиналыс барысында ата-аналар ойындар ойнап, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы бала тәрбиесіндегі құндылықтарды талқылады:
🔹 “Жылы лебіз, жарқын есім” психологиялық ахуал
🔹 “Қызықты сұрақтар” әдісі – сұрақ-жауап
🔹 Сергіту сәті
🔹 “Гүл суару” тренинг
🔹 “Балама тілек” әдісі ата-аналар балаларына деген тілекті суреттер арқылы көрсетті. Ата-аналардың белсенділігі мен ынтымақтастығы жиналыстың нәтижелі өтуіне ықпал етті.
Соңында ата-аналар “Ұстазға хат” әдісі арқылы өз ой-пікірлерін білдіріп, жылы әсермен тарқасты.
Мектеп басшылығы сынып жетекшісі Г. Ахметоваға алғысын айтып, шығармашылық табыс тіледі.
🌱 Ортақ мақсатымыз – саналы, бақытты ұрпақ тәрбиелеу.
Жаңалықтар
