“Шеңгелді” шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде 8-10 сынып оқушыларының ата-аналарымен “Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың мақсаты - оқушының бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруда ата-ана, ұстаз және мектептің бірлескен жұмысын нығайту.
Күн тәртібінде:
- “Отбасы - тәрбие бастауы” тақырыбындағы баяндама
- 3 тоқсанның мониторингі
Жиналысты 8 сынып жетекшісі Маханбетжанова Оразкүл және 10 сынып жетекшісі Ахметова Гүлнұр ұйымдастырды, сондай-ақ мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Өкшебай қатысты.
Жиналыс барысында О.Маханбетжанова “Отбасы - тәрбие бастауы” тақырыбында баяндамамен таныстырып шықты. Отбасындағы ата-ана міндеттерін, қауіпсіздік ережелерін, жалпы тәрбиенің отбасында бастау алатынын жақсы түсіндіріп кетті. Қазіргі ЖИ әдісімен жасалынған “Комикс” әдісімен ата-аналар сұрақтарға өз пікірлерін білдірді. Г.Ахметованың ұйымдастыруымен “Бір қол” тренингі жүргізілді. Топта бөлінген ата-аналарға суреттер берілді, бір қолдың көмегімен қырқып, суреттер құрастырылды. Мақсаты: егер, баланың тәрбиесі мен біліміне тек мектеп ( 1 қол) жауап берсе, нәтиже толық шықпайды. Егер, мектеп пен ата-ана бірлесе 2 қолдан жұмылса ғана бала тұлға болып қалыптасады.
Сондай-ақ сынып бойынша үлгерім, 3 тоқсанның қорытындысы, қауіпсіздік ережелері туралы да таныстырылды.
Жиналыс соңында ата-аналар “Ұстазға хат” әдісімен ұстазға анонимді хат өз пікірлерімен бөлісті.
Бүгінгі берілген тәрбие - ертеңгі қоғамның келбеті.






