Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Бала тәрбиесі – ортақ міндет» ашық сұхбат

«Бала тәрбиесі – ортақ міндет» ашық сұхбат

   

         Түркістан облысы, Отырар ауданы «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» КММ-де мектеп кітапханашысы Ұ. Ахметованың ұйымдастыруымен бүгін «Бала тәрбиесі – ортақ міндет» тақырыбында ата-аналар арасында мазмұнды ашық сұхбат өтті. Жиын барысында кітап оқудың бала дамуына тигізер әсері, ата-ана мен мектептің өзара байланысы, рухани тәрбие мен құндылықтарды қалыптастыру жайлы маңызды ойлар ортаға салынды.
Ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, бала тәрбиесіндегі кітаптың рөлі мен отбасындағы рухани мәдениеттің маңызын талқылады. Рухани байлықтың бастауы – кітап, ал тәрбие бастауы – отбасында! Мектеп пен ата-аналардың бірлескен іс-шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

#ОтырарАуданы #ШеңгелдіМектебі #КітапханаІсШарасы #БалаТәрбиесі #ОртақМіндет #РуханиТәрбие #ОтбасыҚұндылығы

WhatsApp Image 2025 10 15 at 08.49.42