Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Білім күні — 2025

       Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде 2025–2026 жаңа оқу жылының басталуына арналған «Мектебім — мейірім мекенім» атты салтанатты жиын ерекше сән-салтанатпен өтті.
Мерекелік іс-шарада мектеп директоры Карибаева Нұржамал мен аудандық білім бөлімінің әдіскері Амангелдиев Бақытбек құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға, ұстаздар мен ата-аналарға жаңа оқу жылында толағай табыс, білім мен ынтымақ тіледі. Мектеп алаңын әсем ән, көтеріңкі көңіл-күй мен жылы тілектер тербеді.
Биылғы мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күн — ұмытылмас естелікке толы маңызды сәт. Оларға алғашқы оқулығы — Әліппе табысталып, білім әлеміне қадам басудың қуанышы сыйланды.
Әліппе – әр бала үшін ең алғашқы ұстаз, ең алғашқы кітап, білім жолының бастауы.
Осы орайда бүлдіршіндерге салтанатты түрде Әліппені табыстау үшін ұстаздарымызды сахна төріне шақырдық. Ұстаздарымыз оқушыларға білім, тәрбие және мейірімге толы жол тілеп, үлкен өмірге апарар алғашқы баспалдақтарын бірге бастады.
Мерекелік шарада мектеп оқушылары ән шырқап, өлең оқып, ата-аналар мен қонақтардың көңілін бір серпілтті. Ата-аналар да бүлдіршіндерінің қуанышына ортақтасты.

1 білім күні