Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«ҰБТ – болашаққа бастар маңызды қадам»

«ҰБТ – болашаққа бастар маңызды қадам»

  "Шеңгелді" шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде 11-сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа сынып жетекшісі Дүйсенбекұлы Олжас, мектеп психологі Абсатова А., сондай-ақ тәрбие жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Шындалиев Ұ. қатысты.
Кездесу барысында оқушылардың қауіпсіздігі басты назарға алынды. Әсіресе көктем-жаз мезгілінде ағын суға түспеу, су айдындары маңындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы маңызды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ата-аналарға балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қауіптің алдын алу және жауапкершілікті арттыру мәселелері бойынша кеңестер берілді. Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет!

WhatsApp Image 2026 04 01 at 15.19.11