Тіліңізді таңдаңыз

Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ»

«ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ»

  Мектебімізде 16 қазан – Дүниежүзілік тамақтану күніне орай мектебімізде оқушылар арасында «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында танымдық сайыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау, пайдалы тағамдарды ажырата білуге үйрету, сондай-ақ оқушылардың танымдық қабілеттері мен шапшаңдығын дамыту.
Сайыс үш кезең бойынша өткізілді:
І кезең – «Дәмін тап»
Қатысушылар көздерін байлап, ұсынылған жемістер мен тағамдардың дәмін ажыратып, атауларын тапты.
ІІ кезең – «Бұл не?»
Оқушылар тағамдар мен жеміс-көкөністердің сипаттамалары бойынша олардың атауларын анықтап, тапқырлықтарын көрсетті.
ІІІ кезең – «Кім жылдам?»
Қатысушылар дұрыс тамақтануға байланысты сұрақтарға жылдам жауап беріп, білімдері мен шапшаңдықтарын сынға салды.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, дұрыс тамақтану туралы білімдерін толықтырды. Сайыс қызықты әрі тартымды өтті.
Дұрыс тамақтану – мықты денсаулықтың негізі!

WhatsApp Image 2026 10 12 at 14.34.05