Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
"Еңбек – елдің болашағы" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді

"Еңбек – елдің болашағы" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді

     "Шеңгелді" шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде "Еңбек – елдің болашағы" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Оқу-тәрбие жұмысы аясында өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа еңбектің маңызын ұғындыру, еңбекке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, жауапкершілік пен тәртіпке баулу болды.
Сынып жетекшілері әр сыныптың жас ерекшелігіне сай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаттарын ұйымдастырды. Сабақ барысында оқушыларға ата-ана еңбегі, ұстаз еңбегі, ауылдағы қарапайым еңбек адамдарының қоғамдағы орны жайлы түсіндіріліп, бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, еңбекке қатысты мақал-мәтелдер айтты.
Аталған іс-шара оқушылардың бойында адал еңбек етуге деген қызығушылықты арттырып, болашақта еңбекқор, елге пайдасын тигізетін азамат болып қалыптасуына оң ықпал етті.

сынып сағаты