Түркістан облысы, Отырар ауданы, "Шеңгелді" шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 26 қыркүйегінде Эмоцияны басқару күніне арналған тренинг өткізілді.
Тренингті педагог-психолог А.Абсатова мен әлеуметтік педагог Б.Нұрлыбеков ұйымдастырып, жүргізді. Іс-шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, өз ой-пікірлерін еркін жеткізді.
Эмоциялар – біздің өміріміздің айнасы. Қуаныш пен шабыт, реніш пен ашу – барлығы адамға тән табиғи сезімдер. Ең бастысы – сол эмоцияларды дұрыс танып, басқаруды үйрену.
Тренинг оқушыларға жағымды әсер қалдырып, өмірлік маңызы зор дағдыларды дамытуға ықпал етті.
Жаңалықтар
