Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
“Гаджетсіз бір күн” атты дөңгелек үстел өткізілді

“Гаджетсіз бір күн” атты дөңгелек үстел өткізілді

  Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шеңгелді” шағын жинақты жалпы білім беретін мектебі КММ-де 26 ақпан күні ұйымдастырушы педагог Б.Өтебектің ұйымдастыруымен 8-сыныппен “Гаджетсіз бір күн” атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың гаджетке тәуелділік мәселесіне саналы көзқарасын қалыптастыру, уақытты тиімді пайдалану дағдысын дамыту және шынайы қарым-қатынастың маңызын түсіндіру.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар гаджеттердің пайдасы мен зияны туралы өз пікірлерін ортаға салды. Цифрлық технологиялардың күнделікті өмірге әсері, интернетке тәуелділіктің психологиялық және әлеуметтік салдары талқыланды. Сонымен қатар, гаджетсіз бір күн өткізудің мүмкіндіктері қарастырылып, бос уақытты тиімді ұйымдастыру жолдары ұсынылды.
Іс-шара оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Олар өз ойларын еркін жеткізіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Нәтижесінде оқушылар гаджет қолдану мәдениеті туралы тұжырым жасап, уақытты жоспарлау мен тікелей қарым-қатынастың құндылығын түсінді.

WhatsApp Image 2026 03 03 at 15.55.00