10.04.2026 ж күні Ғарышкерлер күніне орай "Шеңгелді" шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде кітапханашы Ұ.Ахметова мен тәлімгер А. Құлманның ұйымдастыруымен 4-сынып оқушыларына танымдық сабақ өтті.
Іс-шара барысында оқушыларға ғарыш әлемі, ғарышкерлердің еңбегі туралы қызықты мәліметтер беріліп, олардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі тапсырмалар мен сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті.






