Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
 "Интернет дос па әлде тәуелділік пе?" тақырыбында 7-11 сынып оқушыларымен тренинг өткізілді

"Интернет дос па әлде тәуелділік пе?" тақырыбында 7-11 сынып оқушыларымен тренинг өткізілді

  Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің педагог- психологы А.Абсатова мен әлеуметтік педагог Б.Нұрлыбеков "Интернет дос па әлде тәуелділік пе?" тақырыбында 7-11 сынып оқушыларымен тренинг өткізді. Бүгінде интернетсіз өмірді елестету қиын. Ол – білім көзі, байланыс құралы, табыс табудың жолы.
Бірақ шектен тыс қолдану уақытты ұрлап, тәуелділікке айналуы мүмкін. Сағаттап телефон қарау, шынайы қарым-қатынастың азаюы, денсаулыққа зиян – бұл да интернеттің екінші қыры.
Ендеше, интернет – дос. Бірақ оны дұрыс пайдалана алмасақ, ол тәуелділікке айналуы мүмкін. Барлығы өз қолымызда!

WhatsApp Image 2026 02 17 at 15.29.31