Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің педагог- психологы А.Абсатова сынып жетекшілермен бірге 5-7 сынып оқушыларына "Интернет пайдалы ма, қауіпті ме?" тақырыбында эссе жаздырды. Интернет – бүгінгі заманның ең қуатты құралы. Ол білім алуға, ақпарат табуға, адамдармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Алайда шектен тыс пайдалану, жалған ақпарат пен киберқауіптер оның қауіпті тұстарын да көрсетеді. Сондықтан интернеттің пайдасы да, қаупі де бар – ең бастысы оны саналы түрде қолдану.






