Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Қауіпсіз интернет – жарқын болашақ кепілі!

Қауіпсіз интернет – жарқын болашақ кепілі!

   «Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде» оқушыларға «Гаджеттер әлемін саналы таңдау» тақырыбында ҚББП А. Еденбайұлы және тәлімгер А. Құлман түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында оқушыларға гаджеттерді тиімді әрі қауіпсіз пайдалану жолдары, олардың пайдасы мен зияны туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, интернеттегі қауіпсіздік ережелері, уақытты дұрыс жоспарлау және цифрлық мәдениетті қалыптастыру мәселелері түсіндірілді.
Мақсаты – оқушыларды заманауи технологияларды саналы түрде қолдануға баулу, денсаулыққа зиян келтірмеу және пайдалы әдеттерді қалыптастыру.

WhatsApp Image 2026 04 09 at 16.34.42