22.09.2025 жылы Түркістан облысы, Отырар ауданы "Шеңгелді" шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кеңейтілген жиын өтті.
Жиынға аудандық АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның инспекторы, полиция капитаны Бақыт Қапалбайұлы, мектеп директоры Л.Раманқұл, тәрбие ісі орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Ұ.Шындалиев, АӘД пәні мұғалімі Р.Сыздық қатысты.
Полиция капитаны оқушыларға жасөспірімдер арасында орын алып жатқан келеңсіз оқиғалар жөнінде айтып, алдын алу шараларына тоқталды. Әсіресе ұл балаларға көлік жүргізбеу, түнгі сағат 22:00-ден кейін көшеде жүрмеу туралы ескертті.
Мектеп директоры Л.Раманқұл түсіндірме жұмыстары үшін полиция қызметкеріне алғыс білдіріп, оқушыларды тәртіптілік пен сауаттылыққа шақырды.
Жаңалықтар
