Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Қош келдің, Әз-Наурыз!»

«Қош келдің, Әз-Наурыз!»

   Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттап, ән айтып, би билеп, сахналық көріністер қойып, қазақ халқының бай мәдениетін дәріптеді. Сонымен қатар ұлттық ойындар ойналып, барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің мейрамы. Осы айтулы күн баршаңызға шаттық, ырыс-несібе, молшылық әкелсін! WhatsApp Image 2026 03 27 at 10.24.48