Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Қыз – инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді» тақырыбында қыздар жиналысы

     "Шеңгелді" шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте мектеп психологы Ә.Абсатова мен КББП Ж.Бақыт 8-11 сынып оқушыларымен 17.09.2025 күні «Қыз – инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді» тақырыбында қыздар жиналысы болды. Іс-шара барысында қыз балаларға инабаттылық, әдептілік, сыпайылық пен мәдениеттіліктің маңызы түсіндірілді. Қоғамдағы қыздың орнын, оның үлгілі мінез-құлқы мен әдептілігін сақтаудың қажеттігі туралы әңгімелер қозғалды.Оқушыларға тақырыпқа байланысты кеңестер беріліп, қыздарға арналған жаднама таратылды. Қорытынды: Іс-шара өз мақсатына жетті. Қыз балалардың әдептілік пен инабаттылыққа деген түсінігі кеңейіп, мәдени мінез-құлыққа деген қызығушылығы артты.

Қыздар жиналысы