Тіліңізді таңдаңыз

Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Кезекті әдістемелік кеңес болып өтті

Кезекті әдістемелік кеңес болып өтті

  «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінің 2026-2027 оқу жылындағы жылдық жұмыс жоспарына сәйкес кезекті әдістемелік кеңес болып өтті. Кеңесте қаралған мәселелер:
1. 2-9сыныптарда 0-дік білім кесіндісінің қорытындысы.
2. Бастауыш сыныптарда бағалау жұмысының орындалуы
3. Педагогтердің озат тәжірибе тарату жұмысы
Кеңеске 36 педагогикалық қызметкер қатысты. 2-9сыныптарда 0-дік білім кесіндісінің қорытындысы туралы оқу ісі жөніндегі орынбасар Г.Өкшебай хабарлама жасады. Жыл басында оқушылардан алған бақылау жұмыстары мен өткен жылдың жылдық білім сапасымен салыстыра отырып талдау жүргізді. Бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі А.Әлжан 1-тоқсандағы бастауыш сыныптарда бағалау жұмысының орындалуы туралы баяндама жасап, бастауыш сыныптардағы аралық бағалаудың ерекшеліктері мен маңыздылығын түсіндірді. Бейіндік оқыту жөніндегі орынбасар А.Абдикулова педагогтердің озат тәжірибе тарату жұмысын дамыту іс-шарасымен таныстырды. Мұғалімдерге арналған Canva, Wordwall материалдар папкасын ашып, тәжірибелі мұғалімдердің үздік әдістері мен озық тәжірибелерін банкін қалыптастыру туралы және оны іске асыру туралы айтты. Тоқсан сайын "Тәлімгерлік сағат" шарасын іске асыру туралы ұсынысн білдірді. Онда тәжірибелі мұғалімнің жас маманмен сұхбаты жүргізіледі және сол тәжірибелі мұғалім жас мұғалімдерге әдістемелік көмектер беруге мүмкіндігі болатындығын түсіндірді. Әдістемелік кеңес қорытындыланып, айтылған ұсыныстар мектептің жұмыс жоспарына ендіру қажеттілігі айтылды.

WhatsApp Image 2026 10 14 at 11.33.05