«Шеңгелді» шағын жинақты білім беретін мектебінде «Еңбегі адал - жас өрен» жобасы аясында 5 сынып оқушыларымен КББП Бақыт Жәудір «Мамандықтар шеруі» іс-шарасын жоғары деңгейде өтті. Оқушылар әртүрлі мамандықтарды таныстырып, олардың маңызын шығармашылық түрде көрсетті. Қатысушылар белсенділік танытып, көрініс және таныстыру арқылы өз өнерлерін көрсетті. «Сұрақ-жауап» кезеңі қызықты өтіп, оқушылардың білімдері байқалды. Іс-шара соңында үздік қатысушылар марапатталып, барлық оқушылар жақсы әсер алды.






