Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

МЕКТЕП – ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМНІҢ КІЛТІ  «МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!»

     2025 жылғы 23 мамыр – Шеңгелді мектебінде соңғы қоңырау соғылған ерекше күн!
Балалықпен қоштасып, армандарға жол ашатын сәт – түлектер үшін өмірлік есте қалатын мезет.
Салтанатты жиынды аудандық білім бөлімінің бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы – Егемберді ағай ашып беріп, барша қатысушыларға ізгі тілегін арнады. Бұл – іс-шараның маңызын арттыра түсті.
«Мектебім, саған мың алғыс!» атты мерекелік кеш
жылулық пен шынайы алғысқа толы болды.
Оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар мен қонақтар – барлығы бір-біріне деген құрмет пен ризашылықты жүректен жеткізді.
Мектеп директоры Карибаева Нұржамал Шалдарқызының құттықтау сөзі көпшілікке ерекше әсер етті:
«Білім жолы – болашаққа апарар даңғыл жол.
Сіздердің табысты келешектеріңіз – біз үшін ең үлкен мақтаныш!»
Түлектер өнер көрсетіп, жүрекжарды тілектерін арнап,
ұстаздары мен ата-аналарына алғыстарын білдірді.
Салтанатты сәт соңғы қоңырау үнімен қорытындыланды.
Қымбатты түлектер!
Сіздерге тек сәттілік, шексіз шабыт, жарқын болашақ тілейміз!
Армандарыңыз асқақ, жолдарыңыз ашық болсын!

#СоңғыҚоңырау2025
#ШеңгелдіМектебі
#Түлек2025
#МектебімеМыңАлғыс
#БілімЖолы

Соңғы қоңырау