Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Мектеп тәртібі – тәрбие бастауы!

   

   Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде 2025–2026 жаңа оқу жылының басталуына орай оқушыларға арналған ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру және түсіндіру шарасы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – мектеп оқушылары арасында тәртіп пен жауапкершілікке негізделген орта қалыптастыру, білім мен тәрбиені қатар ұштастыру.
Іс-шара барысында мектеп мұғалімдері оқушыларға:
- мектепте өзін-өзі ұстау мәдениеті,
- сабаққа кешікпеу және сабаққа тыңғылықты дайындалу,
- мектеп ауласын және мүлкін таза, ұқыпты сақтау,
- киім формасына қойылатын талаптар,
- қауіпсіздік және тәртіп сақтау ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
✅ Тәртіпке бағыну – білім алуға жол ашады. Ал білімді ұрпақ – ел болашағының тірегі.
«Тәртіп бар жерде – тәрбие, тәрбие бар жерде – сапалы білім мен жарқын болашақ» деген ұстанымды негізге ала отырып, мектеп ұжымы мен оқушылары жаңа оқу жылын ынтымақпен, тәртіппен бастады.

Жиналыс 1