Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Мектепішілік объектілік оқу-жаттығу іс-шарасы

     2025-2026 оқу жылының 26 қыркүйек күні үлкен үзіліс уақытында мектепішілік объектілік оқу-жаттығу өткізілді. №24 бұйрық шығарылып, іс-шара жоспары бекітілді.
Мектептің объектілік оқу-жаттығудың алдын алу штабы құрылып, атқарылатын жұмыстарға міндеттемелер бекітілді. Тапсырмаларды орындау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
🔹 Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дене шынықтыру пәні бірлестігінің жетекшісі, ер мұғалімдер және 11-сынып оқушыларынан құтқарушы топ жасақталды.
🔹 Төтенше жағдай туындаған кезде өрт сөндіру тобы құрылды.
🔹 Сыныптарда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес бейнероликтер көрсетілді.
Үлкен үзіліс кезінде «Жер сілкінісі, өрт жағдайында оқытушылар мен оқушылардың іс-әрекеттері» тақырыбында сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілді.
Сонымен қатар 1-11 сыныптарда:
✅ «Жер сілкінісі кезіндегі ғимараттан шығу және қауіпсіздікті сақтау»;
✅ «Судағы қауіпсіздік»;
✅ «Өрт қауіпсіздігі»;
✅ «Сел тасқыны кезіндегі қауіпсіздік»;
✅ «Қар көшкіні, боран, үсік шалу кезіндегі алғашқы медициналық көмек» тақырыптарында тәрбие сағаттары өтті.
Мектеп медбикесі қауіпсіздік ережелері бойынша оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Төтенше