«Шеңгелді» шағын жинақты білім беретін мектебінде КББП Бақыт Жәудір жоғары сынып оқушыларына арналған «Болашақ мемлекеттік қызметкер» жобасы аясында «Мемлекеттік қызмет негіздері» тақырыбында дәріс сабағын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға мемлекеттік қызметтің мәнін түсіндіру, оның қоғамдағы рөлін таныстыру және адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын насихаттау болды. Сабақ барысы Сабақ интерактивті түрде өтті. Оқушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойды. Пікірталас барысында: Мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болады? Қандай білім мен қасиеттер қажет? Жастардың мемлекеттік басқарудағы рөлі қандай? деген сұрақтар талқыланды.Оқушылар тақырыпқа қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті. «Мемлекеттік қызмет негіздері» тақырыбындағы дәріс сабағы өз мақсатына жетті. Оқушылар мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңызын түсініп, адал қызмет етудің мәнін ұғынды.






