Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Наурыз – Береке мен Бірлік Бастауы»

«Наурыз – Береке мен Бірлік Бастауы»

  Наурыз мерекесіне орай мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеген ерекше мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау, бірлік пен ынтымақтастықты арттыру, оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Кеш барысында:
🔹 «Сылдырмақ» биі орындалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады
🔹 Қазақтың киелі дәстүрі – бесікке салу рәсімі сахналанды
🔹 «Абысын – ажындар» әні арқылы отбасы татулығы мен берекесі дәріптелді
Сонымен қатар, Гүлнұр Оразымбетова әнінен «Мереке» әнін Нұржанова Ділбар орындап, кештің көркін аша түсті.
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы. Бұл мереке барша шаңыраққа құт-береке, бірлік пен молшылық әкелсін!

#Наурыз2026 #Береке #Бірлік #ҰлттықҚұндылықтар

WhatsApp Image 2026 03 27 at 10.26.10